Түркия суданға вакцина тарту етеді

Түркия Суданға бір миллион дана доза  вакцина тарту етеді.

1762452
Түркия суданға вакцина тарту етеді

Түркияның Судандағы төтенше және өкілетті елшісі Ирфан Незиоғлу Түркияның Суданға бір миллион дана доза  вакцина тарту ететінін білдірді. 

Незироғлу Егемендік Кеңесі мүшесі генерал-лейтенант Ибрахим Джабирмен Президентік сарайындағы офисінде кездесті. 

Кездесуде екі ел саяси және экономикалық қарым-қатынастары қолға алынды. Незироғлу желтоқсанда Стамбұлда ұйымдастырылған 3-ші Түркия-Африка Саммиті жайлы Джабирге мағлұмат берді. 

Незироғлу саммитте президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркияның Африка құрлығына 15 миллион дана доза вакцина жәрдем беретінін мәлімдеді және Суданға да  бір миллион дана доза вакцина жіберуді жоспарлағандарын айтты. 

Джабир болса Түркияның әрқашан Суданның қасында екенін және вакцина тартуына орай алғыс алғыс айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар