Түрік әуе кеңістігінен өткен жылы 22 секундта бір ұшақ өтті

Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу мәлімдеме жасады.

1761590
Түрік әуе кеңістігінен өткен жылы 22 секундта бір ұшақ өтті

Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемесінде әуе жолымен тасымалданған жолаушы санының өткен жылдың соңынан бастап 128 миллион 565 мың 706-ға жеткенін хабарлады.

2003 жылы шетелде тек қана 50 елде 60 ұшу бағытына рейс ұйымдастырылғанын, өткен жылдың аяғында бұл көрсеткіштің жалпы 128 елде 335 бағытқа өскенін білдірген Караисмаилоғлу бұл деректердің Түркияда авиация саласының қарқынды дамып келе жатқанын көрсететінін мәлімдеді.

Министр Караисмаилоғлу «Түрік әуе кеңістігінде өткен жылы жүзеге асқан ұшу саны, 2020 жылы транзиттік ұшулармен қосқанда 38,5 пайызға артты. 2020 жылы 1 миллион 55 мың 168 болған рейс саны өткен жылы 1 миллион 461 мың 577-ге өсті. Яғни өткен жылы шамамен 22 секунд сайын Түркия аспанынан бір ұшақ өтті» деді.

Өткен жылдың аяғында ішкі және халықаралық әуе қатынасында өсім болғанына назар аударған Караисмаилоғлу "Түрік әуе кеңістігінен транзиттік ұшу саны 26,9 пайызға артты. Өткен жылы түрік әуе кеңістігінде 255 мың 622 ұшу тіркелді. Осылайша түрік әуе кеңістігі барлығы 1 миллион 461 мың 577 рейсті қабылдады» деді.



Ұқсас жаңалықтар