Шентоп Сапарбекұлын қабылдады

Мұстафа Шентоп: "Түркия ретінде бұдан былай қолымыздан келген қолдауды беруге дайынбыз" деді.

1761029
Шентоп Сапарбекұлын қабылдады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлын қабылдады.

Мұстафа Шентоп Қазақстандағы оқиғаларды тығыз бақылап отырғандарын айтып, тұрақтылықтың негізінен орнауына риза болғандарын  білдірді. 

Қазақстанда тұрақтылықтың орнауы аймақ үшін өте маңызды екенін айтқан Шентоп:

"Түркия ретінде бұдан былай қолымыздан келген қолдауды беруге дайынбыз" деді.

Абзал Сапарбекұлы Шентопқа еліндегі оқиғалар жайлы мәлімет берді.

Елде тұрақтылықтың орнағанын айтқан Сапарбекұлы Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Бейбітшілік күшінің екі күн ішінде елден қайта бастайтынын айтты.

Қазақстанда сұйытылған табиғи газ бағасының артуы және экономикалық жағдайдың нашарлауы себепті 2 қаңтарда басталған протест ереуілдері ірі қала Алматыда қақтығысқа және қарулы оқиғаға айналған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев протесттерге жауапкер деп қаралған үкіметтің отставкасын қабылдап, оқиғаларды тосу мақсатымен төтенше жағдай жариялаған еді. 



Ұқсас жаңалықтар