Президент Ердоған Анкарада марапаттау рәсіміне қатысты

Ердоған «Адам қазынасы мен болашаққа жеткізілетін мұра» өкілдерін марапаттау рәсімінде үн қатты.

1761254
Президент Ердоған Анкарада марапаттау рәсіміне қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған мықты бір Түркияның жоғары қабілетке ие адам қорының қолдауы және ынтасы арқасында құрылатынын атап көрсетті.

Ердоған кеше Анкарадағы Бештепе Миллет конгресс және мәдениет орталығында өткен «Адам қазынасы мен болашаққа жеткізілетін мұра» өкілдерін марапаттау рәсімінде үн қатты.

Түркияның ЮНЕСКО-ның 2003 жылы қабылдаған Материалды емес мәдени мұра конвенциясына 2006 жылы қосылғанын еске салған Ердоған жасалған дайындықтардың артынан 2008 жылдан бері бұл тізімге ең көп мәдени құндылық тіркеткен елдер арасында орын алғанын білдірді.

Түркияның Материалды емес мәдени мұралар тізіміндегі құндылық санының 21-ге өскенін еске салған президент Ердоған жетістіктерде бірлік пен ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударды.

Ердоған «Алдағы кезеңде шеберлеріміз бен қолөнершілеріміздің ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесінің жемісі болып табылатын дарындардың өміршеңдігін қамтамасыз ететін боламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар