«Ерен қысқы» операциялары жалғасуда

«Ерен қысқы» операцияларында бүгінге дейін 20 террорист залалсыздандырылды.

1761378
«Ерен қысқы» операциялары жалғасуда

«Ерен қысқы» операциялары қыстың қақаған аязына қарамастан табанды түрде жалғасуда. 

Алғашқы операция басталған 2021 жылы 7 қарашадан осы таңға дейін 20 террорист залалсыздандырылды.

Сепаратистік террорлық ұйым PKK-ны жою және аймақта тығылып жатқан террористерді залалсыздандыру мақсатымен басталған операцияда жандармерия арнайы жасақтары,  Полиция арнайы жасақтары мен Қауіпсіздік қорғаушыларынан тұратын 1240 қызметкер міндет атқаруда.

Операцияда көптеген үңгір, баспана, қару-жарақ, бомба, жарылғыш және түрлі жабдықтар күйретілді. 

Елдегі лаңкестіктің түбегейлі жойылуы мақсатында жүргізілген «Ерен қысқы» операциялары халқымыздың қолдауымен табанды түрде  жалғасып жатыр.

 



Ұқсас жаңалықтар