Түркия Қазақстанның қасында болады

Мевлүт Чавушоғлу "Біз Қазақстаннның қасындамыз және қолымызбан келген барлық жәрдемді беруге дайынбыз" деді.

1760712
Түркия Қазақстанның қасында болады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу "Қазақстандағы ахуал өте қиын. Біз Қазақстаннның қасындамыз және қолымызбан келген барлық жәрдемді беруге дайынбыз" деді. 

Түрік Мемлекеттері Ұйымының Сыртқы істер министрлері Қазақстандағы оқиғаларға байланысты кезектен тыс жиналды.

Мевлүт Чаувшоғлу жиналысқа қатысып сөз сөйледі. Министр Чавушоғлу баяндамасында Түркі әлемінің маңызды бір мүшесі болған Қазақстандағы оқиғаларға баршаның қайғырғанын айтты. 

Чавушоғлу "Қазақстандағы оқиғаларға қатты қайғырдық. Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бауырыма және Қазақстан халқына шын жүректен көңіл айтамын.  Шейіт болғандарға Алладан иман, жаралыларға шипа тілеймін. Түрік Мемлекеттері Ұйымы осы қиын күндерде қазақ бауырластарымыздың қасында болады. Олармен селбесе отырып жұмыс істеудеміз" деген сөздер қолданды. 

Чавушоғлу Қазақстанда Әлихан Смайыловтың жаңа премьер-министр болып тағайындалғанына қатты қуынғанын және өзімен ынтымақтастық жасауды жалғастыратындарын айтты. 

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Қазақстанның тұрақтылыққа, тыныштыққа және бейбітшілікке оралуын тілейтінін білдіріп:

"Бұл үшін Түркия және Түрік Мемлекеттері Ұйымы ретінде әр түрлі қолдауды береміз" деп көрсетті.

 

 



Ұқсас жаңалықтар