Сердар Кылыч Түркияның Арманиядағы арнайы өкілі болды

Мевлүт Чавушоғлу бұдан бұрын Арменияға арнайы өкіл тағайындайтындарын жариялаған болатын.

1760433
Сердар Кылыч Түркияның Арманиядағы арнайы өкілі болды

Елші Сердар Кылыч Армениядағы Түркия Республикасының арнайы өкілі болып тағайындалды. 

Тағайындауға байланысты Президент Режеп Тайып Ердоғанның қол қойған шешімі Ресми газетті жарияланды. 

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу бұдан бұрын Арменияға арнайы өкіл тағайындайтындарын жариялаған болатын. 

Чавушоғлу мәлімдемесінде "Екі елдің қарым-қатынастарының қалыпқа түсуіне орай арнайы өкіл тағайындаймыз. Біз әр салада Әзербайжанмен бірге әрекет етеміз" деген еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар