Чавушоғлу Дэвид Сассоли үшін көңіл айтты

Мевлүт Чавушоғлу дүниеден озған Еуропа Парламенті төрағасы Дэвид Сассоли үшін көңіл айтты.

1760622
Чавушоғлу Дэвид Сассоли үшін көңіл айтты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу дүниеден озған Еуропа Парламенті төрағасы Дэвид Сассоли үшін көңіл айтты. 

Мевлүт Чавушоғлу Твиттер аккаунтынан жариялаған хабарламасында "Еуропа Парламенті төрағасы Дэвид Сассолидің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Аза тұтқан отбасына, жақын туыс-туғандарына және Еуропа Парлементіне шын жүректен көңіл айтамын. Жатқан жеір жайлы болсын" деді. 

Еуропа Парламентінің 65 жасындағы төрағасы Дэвид Сассоли Италияның Авиано қаласында емделіп жатқан ауруханада қайтыс болған еді. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар