Ердоған: "Халықаралық кәсіби және техникалық Анадолы лицейлері ашамыз"

Президент «Өнеркәсіп аймақтарының кәсіптік білім беру орталықтары ашылу бағдарламасына» қатысты.

1760212
Ердоған: "Халықаралық кәсіби және техникалық Анадолы лицейлері ашамыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған ашатын халықаралық кәсіптік және техникалық Анадолы лицейлері арқылы әрі елдің өз балаларына, әрі дос аймақтардағы жастарға білім алу мүмкіндігі берілетінін атап көрсетті.

Президент Ердоған Бештепе Миллет конгресс және мәдениет орталығында ұйымдастырылған «Өнеркәсіп аймақтарының кәсіптік білім беру орталықтары ашылу бағдарламасына» қатысты.

Жұмыспен қамтуды арттыру үшін кәсіптік оқуға ерекше мән беретіндерін атап көрсеткен Ердоған «Ашатын халықаралық кәсіптік және техникалық Анадолы лицейлері арқылы әрі еліміздің балаларына, әрі дос аймақтардан келетін жастарға білім алу мүмкіндігін қамтамасмыз етеміз» деді.

Жыл соңына дейін 1 миллион жасты кәсіби білім беру орталықтарына қосу арқылы жұмыспен қамтамасыз етуді мақсат еткендерін атап көрсеткен Ердоған «Өткен жылы мақсат етілген 1 миллиард лиралық өндірістік қуаттылықтан асып, кәсіптік лицейлер бойынша тарихи рекорд жасадық» деді.

Ердоған кәсіби білім алған студенттердің толығымен оқу процесі бойынша кем дегенде ең төмен жалақы мөлшерінде табысқа қол жеткізуін қамтамасыз етуді мақсат еткендерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар