Нұр-Сұлтандағы ТӘЖ қызметкерлері Түркияға әкелінді

Түрік әуе жолдары (ТӘЖ) 2 ұшқышы мен 4 қызметкері Дубай арқылы Түркияға ұласты.

1759607
Нұр-Сұлтандағы ТӘЖ қызметкерлері Түркияға әкелінді

Қазақстан Республикасындағы оқиғаларға байланысты рейстер тоқтатылған елорда Нұр-Сұлтанда қалған Түрік Әуе жолдарының (ТӘЖ) 2 ұшқышы мен 4 қызметкері Дубай арқылы Түркияға ұласты.

Нұр-Сұлтандағы 6 адамнан тұратын экипажды Түркияға әкелу үшін ТӘЖ Басқарма және Атқару комитетінің төрағасы Илкер Айджының тапсырмасымен жұмыс жүргізілді.

ТӘЖ-да жұмыс істейтін 6 адам түнгі уақытта басқа бір әуе компанияға тиесілі ұшақпен Нұр-Сұлтаннан Дубайға апарылды.

Жергілікті уақытпен сағат 02:40-та Дубай әуежайынан көтерілген ТӘЖ-ның рейсімен экипаж таңғы уақытта Стамбулға келді.

Алматыдағы ТӘЖ қызметкерлерін де Түркияға әкелу үшін келіссөздердің жалғасып жатқаны білдірілді.

 



Ұқсас жаңалықтар