Түркиядан Израильге айыптау

Сыртқы істер министрлігі Иерусалим муниципалитетінің 5 қоныс жоспарын бекітуін айыптады.

1758729
Түркиядан Израильге айыптау

Сыртқы істер министрлігі Иерусалим муниципалитетінің Аймақтық жоспарлау және құрылыс комитетінің басқыншылық астынлдағы Иерусалимнің шығысындағы 3 мың 557 жаңа елді мекенді қамтитын 5 қоныс жоспарын бекітуін айыптады.

Министрлік жасалған жазбаша мәлімдемеде Израиль басқыншылығындағы Палестина жерінде салынған елді мекендердің Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) шешімдеріне қоса халықаралық құқыққа қарама-қайшы екені еске салынды.

Мәлімдемеде «Географиялық тұрғыдан біртұтас Палестина мемлекетін физикалық тұрғыдан құрудың алдын алуды нысанаға алған бұл жаңа заңсыз әрекеттер екі мемлекеттің шешімі және тұрақты бейбітшілікке негіз болатын көзқарасқа айтарлықтай зиян келтіреді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар