Президент Ердоған қазақ әріптесі Тоқаевпен телефонда сөйлесті

Президент Ердоған Түрік мемлекеттерінің басшыларымен телефонда бөлек сөйлесті.

1758465
Президент Ердоған қазақ әріптесі Тоқаевпен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Түрік Мемлекеттері Ұйымының кезекті төрағасы ретінде ұйымға мүше елдердің басшыларымен Қазақстандағы оқиғалар туралы бөлек телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік коммуникация басқармасы жасалған мәлімдемеге қарағанда президент Ердоған Қазақстан президенті Касым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы Қазақстандағы соңғы оқиғалар туралы пікір алмасты.

Ердоған Қазақстан президенті Тоқаевпен әңгіме барысында дос және бауырлас Қазақстанда болып жатқан оқиғаларды жіті қадағалайтындарын атап, оқиғада қаза тапқандарға Алладан рақым, зардап шеккендерге шипа тіледі.

Түркияның Қазақстанмен ынтымақтастығын баса айтқан Ердоған Түрік мемлекеттері ұйымы жасаған мәлімдемеде Қазақстанға қолдауын атап көрсетті.

Қазақстанда жаңа үкіметтің тезірек құрылуына және шиеленістің қысқа мерзімде тоқтатылуына сенім білдірген Ердоған Қазақстан халқының өзара сенім және келіссөз аясында қиындықтарды еңсеретінін білдірді.

Түрік мемлекеттері ұйымы жасаған мәлімдемеде Қазақстанға қолдау көрсететінін баса айтты.

Ердоған әңгіме барысында Түркияның қажет жағдайда барлық техникалық білім мен тәжірибені бөлісуге дайын екенін айтты.

Ердоған Әзербайжан президенті Әлиев, Қырғызстан президенті Жапаров және Өзбекстан президенті Мирзиеевпен әңгімесі кезінде Қазақстанның тұрақтылық пен қауіпсіздігінің көршілерінен бастап, бүкіл аймақ үшін маңызды екенін атап, бауырлас Қазақстанның мәселені келіссөздер арқылы шешетініне сенімді екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар