"Экспорттағы рекорд дұрыс жолда екенімізді көрсетеді"

Ердоған партиясының бас ғимаратында Кеңейтілген қалалық басшылар жиналысында сөз сөйледі.

1756982
"Экспорттағы рекорд дұрыс жолда екенімізді көрсетеді"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның экспортта 2021 жылды 225 миллиард доллармен аяқтағанын, мұның да дұрыс жолда екендерін көрсететінін білдірді.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Ердоған партиясының бас ғимаратында Кеңейтілген қалалық басшылар жиналысында сөз сөйледі.

Баяндамасында 2021 жылғы экспорт рекордына тоқталған президент: «Экспортта 2021 жылды 225 миллиардтан астам бір көрсеткішпен аяқтауымыз дұрыс жолда екенімізді көрсетеді» деді.

Ол «Енді Түркияның әлемнің ең ірі 10 экономикасының біріне айналдыратын қадам басамыз» деді. 

Ердоған: «Мемлекеттік қайраткерлер және зейнеткерлердің айлығына дейін барлық тақырыпты жүзеге асырдық.  Құдай қаласа, ең қиыны артта қалды.  Осыдан кейін еңбегіміздің жемісін көру, мақсатымызға жету уақыты» деді.



Ұқсас жаңалықтар