Түркия-АҚШ ортақ механизмі алғашқы қадамын басты

Президенттік баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Анадолы агенттігінің сұрақтарына жауап қайтарды.

1754839
Түркия-АҚШ ортақ механизмі алғашқы қадамын басты

Президенттік баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Түркия мен АҚШ ортақ механизмі бойынша алғашқы қадамның басылғанын хабарлады.

Чикагода Америкалық мұсылман қоғамдары тарапынан биыл 20-шы рет ұйымдастырылған «MAS-ICNA Жылдық конгресіне» қатысу үшін АҚШ-қа барған Калын Анадолы агенттігінің сұрақтарына жауап қайтарды.

Екі ел арасындағы ынтымақтастықты бағалаған Калын Түркия-АҚШ қарым-қатынастарына көлеңке түсіретін мәселелердің АҚШ әкімшілігінің PKK-ның Сириядағы бөлігі YPG мен PYD-ге қолдауы, Ресейден сатып алынған S-400 әуе қорғаныс жүйесі себепті Түркияға әділетсіз түрде қолданылған CAATSA (Американың қарсыластарымен санкциялар арқылы күресу актісі) санкциялар және осы аяда Түркияның F-35 бағдарламасынан шығарылуы, АҚШ-тағы Фетуллахшы террор ұйымы құрылымымен байланысты Анкараны қанағаттандыратындай нақты қадам басылмауы екенін атап көрсетті.

Анкараның Түркияның ұлттық мүдделерін ескеретін саясатты қайта қарау үдерісін жүзеге асыруын күткенін атап көрсеткен Калын Италияның бас қаласы Римде өткен «Үлкен жиырмалық» елдерінің көшбасшылар саммиті аясында президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Джо Байденнің бас қосып, екі ел арасындағы қарым-қатынасқа қатысты мәселелерді талқылайтын бір механизмін құру туралы мәмілеге келгенін еске салды.

Калын механизмнің құрылуы мен жұмыс істеуімен байланысты ТР Сыртқы істер министрлігінің Вашингтонға хат жолдағанын атап «Ауқымды түрде біз бұл қарым-қатынастарды өзара қызығушылық пен құрмет негізінде, теңгерімді, әділ, ашық бір қарым-қатынас ретінде жүргізгіміз келеді. Дегенмен мұны жасаған кезде әрине, Түркияның өз ұлттық мүдделері, басымдықтары, қауіпсіздік түсінігі алдынғы орында келеді. Осы аяда бұл қарым-қатынастарды дұрыс негізде алға жылжыту және оң күн тәртібімен қозғалу үшін келіссөздеріміз жалғасуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар