Отандық TURKOVAC екпесі салына бастады

Отандық TURKOVAC вакцинасы ел көлеміндегі қалалық ауруханаларда қолданыла бастады.

1754710
Отандық TURKOVAC екпесі салына бастады

Төтенше пайдалануға рұқсат етілген коронавирус эпидемиясына қарсы (ковид-19) отандық TURKOVAC екпесі ел көлеміндегі қалалық ауруханаларда қолданыла бастады.

TURKOVAC вакцинасы Анкара қалалық ауруханасының жалпы ауруханалық бөлімшелерінде егіледі. Таңертеңнен бастап көптеген азамат екпе салдыру үшін кезекке тұрған емхананың 10 вакцинация бөлмесінде TURKOVAC вакцинасын салу жұмыстары басталды. Тығыздығына қарай вакцинация бөлмесі санын көбейтуге болатыны білдірілді.

TURKOVAC вакцинасын салған Гази Коч атты азамат алдында екі компонент BioNTech вакцинасын қабылдағанын, үшіншіге TURKOVAC-ты күткенін атап көрсетті.

Коч «Кеше Денсаулық сақтау министріміз Фахреттин Кожа да отандық вакцина TURKOVAC-ты салдырды. Мен де түрік дәрігерлеріне сенемін, сол үшін жергілікті вакцинаны таңдадым» деді.

Алдында үш компонент Sinovac вакцинасы қабылдағанын түсіндірген Фатих Топалоғлу да «Келесі компонент салу үшін отандық TURKOVAC вакцинасын күттім және екпе салдым. Баршаға екпе салуды ұсынамын» деді.

Денсаулық сақтау министрі Кожа кеше жасаған мәлімдемесінде TURKOVAC-тың бүгіннен бастап қалалық ауруханаларда салынатынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар