Қорғаныс министрі Косовода түрік әскерлерімен кездесті

Ол Косовоға қолдаудың жалғасатынын айтты.

1754473
Қорғаныс министрі Косовода түрік әскерлерімен кездесті

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар: «Балқандағы дос және бауырлас Босния және Косоводағы оқиғаларды жақыннан қадағалап отырмыз. Осындағы бауырларымыздың, достарымыздың тыныштығы, әл-ауқаты мен қауіпсіздігі бізді қуантады» деді.

Хулуси Акар ресми сапармен Косовоға барып, бас қала Приштинадағы кездесулерінен кейін Призренге барды.  Ол призренде Косово Түрік делегациясы басқармасында тексеру жүргізді.

Сұлтан Мурат қышлағына барып, істер туралы брифинг алды, нұсқаулар берді.

Артынан осындағы түрік әскерлермен бас қосқан министр табысты істеріне орай оларға алғыс айтты. «Балқандағы дос және бауырлас Босния және Косоводағы оқиғаларды жақыннан қадағалап отырмыз. Осындағы бауырларымыздың, достарымыздың тыныштығы, әл-ауқаты мен қауіпсіздігі бізді қуантады. Әйтпесе қиналар едік. Біз қолымыздан келген үлесті беруіміз керек. Косоволық бауырларымыздың НАТО және Еуропа,  Атлант мекемелерімен интеграциясы тақырыбында да қолымыздан келген көмекті аямадық» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар