Челик Армениямен қалыпқа келу үдерісін бағалады

Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик мәлімдеме жасады.

1754523
Челик Армениямен қалыпқа келу үдерісін бағалады

Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик Армениямен қалыпқа келу үдерісінің бұл елдің Әзербайжанға қарсы басқыншыл және шабуылдаушы саясатынан бас тарту шартымен жүзеге асатынын мәлімдеді.

Өмер Челик партияның бас кеңсесінде Орталық шешім және әкімшілік кеңесі отырысы жалғасқан кезде баспасөз мәслихатын өткізді.

Түркия мен Армения арасында бірнеше жыл бұрын өзара қадамдарды басуға байланысты бір хаттамаға қол қойылғанын, бірақ Армения Конституциялық соты «конституцияға қарама-қайшы» деген себеппен хаттаманың күшін бір жақты жойғанын еске салған Челик «Қазір екінші Таулы Қарабах соғысынан кейін оккупацияның жойылуымен (өткен жылы) президентіміз және Әзербайжан президенті құрметті Әлиев мырза бүкіл Оңтүстік Кавказда бейбітшілікті орнықтырып, аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ететін, шиеленісті азайтатын бір механизмді қалыптастыруды көздейтін бір көзқарас ортаға қойды. Бұған Ресей, Грузия, Иран, Әзербайжан және Түркия, сондай-ақ агрессивті және басқыншы саясатынан бас тартқан жағдайда Армения да кіруі мүмкін екені айтылды. Президентіміздің ең үлкен сезімталдығы – Әзербайжандық бауырларымыздың осы қалыпқа келу үдерісіне оң қарауы. Әзербайжан түркі бауырларымыз бұл қалыпқа келу үдерісіне оң көзқараста болғандықтан, Әлиев мырза оң көзқараста болғандықтан, Түркия бұл қадамдарды аймақтағы бейбітшілікке үлес қосу, аймақтағы шиеленісті азайту және өзінің сенімділігі мен ізгі ниетін көрсету үшін басады» деді.

Өмер Челик «Сондықтан осы ережелер аясында Армения Әзербайжанға бағытталған басқыншы және шабуылдаушы саясатынан бас тартқан жағдайда бұл қалыпқа келу процесі жүзеге асуы мүмкін. Түркияның өзіне деген сенімділігі, дипломатиялық мүмкіндігі, дипломатиялық дайындығы және осы мәселеде бастама көтеруге ерік-жігері бар. Армения осы басқыншылық саясаттарынан бас тартып, әрі бүкіл Оңтүстік Кавказдағы тұрақтылықты қамтамасыз ететін механизмнің бір бөлігі ретінде қозғалады, әрі бұл қалыпқа келу қандай да бір жолмен жүзеге асады деп үміттенеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар