Түркия Суданға көңіл айтты

Түркия Суданда алтын шахтасының қирауы салдарынан қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

1754218
Түркия Суданға көңіл айтты

ТР Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде кеше Суданның Курдуфан штатының батысындағы бір шахтаның қирауы салдарынан қаза тапқан 38 кенші үшін көңіл айтылды.

Мәлімдемеде «Апатта қаза тапқандарға Алланың рақымын, туыс-тамырларына сабыр тілейміз. Дос және бауырлас Судан халқына шын жүректен көңіл айтамыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар