Ердоған Пиринкаялар туннелінің тұсауын кесті

Президент Ердоған: "Пиринкаялар туннелінің аймаққа қайырлы болуын тілеймін!" деді.

1754338
Ердоған Пиринкаялар туннелінің тұсауын кесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның дамыған және даму жолындағы елдер арасында әрі көлемді, әрі жаңа, әрі заманданған өркендеу инфрақұрылымына ие ел ретінде басты орынға шыққанын айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияны Кавказбен жалғайтын Ерзурумдағы Пиринкаялар туннелінің беташарына Президенттік сарайдан тікелей эфирмен қатысты.

"Пиринкаялар туннелінің аймаққа қайырлы болуын тілеймін!" деген Ердоған:

"Туннельдің жалғанған жолдармен қосқанда ұзындығы 3.4 километрге жеткен осы жоба Ерзурум-Артвин арасындағы қатынастың жылдам, сенімді, үзіліссіз жалғасуын қамдайды. Елімізге 18 миллион лира үнемдейді, көміртегі шығарындыларын азайту арқылы қоршаған ортаны қорғауға есе қосады. Туризм мүмкіндігі жоғары Ерзурум мен Артвин арасындағы жолмен бірге тың орайлар жаратады. Екі қала арқылы Кавказға бағытталған транзит қатынасты жеңілдетеді" деді.

Нысананың Түркияны әлемдегі 10 ірі  экономика арасына енгізу арқылы жаһандық әкімшілік жүйесінде ықпалды болу екенін айтқан Ердоған:

"Түркия дамыған және даму жолындағы елдер арасында әрі көлемді, әрі жаңа, әрі заманданған өркендеу инфрақұрылымына ие ел ретінде басты орынға шығуда" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар