Албанияда Түркия салған үйлер отбасыларға табыс етілді

Лач қаласындағы жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін Түркия салған үйлер отбасыларға табыс етілді.

1753936
Албанияда Түркия салған үйлер отбасыларға табыс етілді

Түркия Тұрғын үй құрылысы басқармасы тарапынан салынған тұрғын үйлерді тапсыру рәсіміне Албания премьер-министрі Эди Рама, Түркияның Албаниялағы елшісі Мұрат Ахмет Йөрүк, Албания үкіметі өкілдері мен үй иелері қатысты.

Рама осындағы баяндамасында жобаның жер сілкінісінен зардап шеккен барлық албан отбасылар үшін қайта құрудың ең жақсы үлгісі екенін айтты.

Албания үкіметінің қаржыландыруымен басқа аймақтарда да жер сілкінісі себепті тұрғын үйлер салынып жатқанын түсіндірген Рама Лачтағы тұрғын үй жобасының Түркия үкіметінің қаржысы мен досы президент Режеп Тайып Ердоғанның тікелей назар аударуының арқасында аяқталғанын атап көрсетті.

Рама «Дегенмен ол (Ердоған) осында туып-өскендей, өз халқы осында жүргендей достық пен ынтымақтастықтың бар күшін бірден ұсынды» деді.

Албаниядағы 6,3 балдық жер сілкінісінен 51 адам қаза тауып, 900-ден астам адам жарақат алған еді. Шамамен 17 мың адамның үйлерін тастауына себеп болған зілзаладан 202 мың 291 адам зардап шеккен болатын.



Ұқсас жаңалықтар