Шырнакта әскери операция басталды

Террористерге бағытталған әскери операциялар аймақта халықтың да қолдауымен үздіксіз жалғасуда.

1753732
Шырнакта әскери операция басталды

Шырнакта «Ерен Қыс-13 Габар-Карагечит-Инжелер» Шейіт жандармерия сарбазы Селчук Шахин атындағы операция басталды.

Ішкі істер министрлігі сепаратистік террорлық ұйым PKK-ны ел күн тәртібінен шығару және аймақта паналап отырған террористерді жою мақсатымен Шырнак жандармерия аймақтық қолбасшылығының операция бастағанын хабарлады. Операцияда жандармерия арнайы жасақтары, десанттар мен қауіпсіздік қорғаушы жасақтарынан тұратын 516 қызметкер мен 43 оперативтік жасақ міндет атқарып отыр.

Террористерге бағытталған әскери операциялар аймақта халықтың да қолдауымен үздіксіз жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар