Шентоп Линдита Николламен бас қосты

Мұстафа Шентоп Албания Парламентінің төрайымы Линдита Николла және делегациясымен ТҰҰМ-де кездесті.

1753769
Шентоп Линдита Николламен бас қосты

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп Еуропа Одағының Босния-Герцеговина және Косовоға байланысты мәселелерді қамтыған тақырыптарда жауапкерлік алуы керектігін айтты.

Мұстафа Шентоп Албания Парламентінің төрайымы Линдита Николла және делегациясымен ТҰҰМ-де кездесті.

Шентоп албаниялық әріптесімен оңаша бас қосты, артынан делегация арасында кездесу өткізілді.

Шентоп кездесудегі сөзінде Албания мен халқының түрік ұлтының жүрегінде ерекше орны бар екенін білдіріп, екі жақтылы қарым-қатынастардың стратегиялық ортақтық өресіне көтерілгеніне риза болғанын айтты.

Шентоп Түркияның 2021 жылдың алғашқы 9 айында 600 миллион доллардан асқан және мердігерлік қызметтерін қосқанда 3.5 миллиард долларлық инвестициясымен Албаниядағы  ең ірі шетелдік инвестор болғанын білдірді.

"Албанияда жұмыстанған 600-ден астам түрік компаниясы жалпы 15 мың адамды жұмыспен қамдайды. Нысанамыз сауда мөлшерін бір миллиард долларға көтеру" деді Шентоп.

Мұстафа Шентоп:

"Еуропа Одағының Албания жайлы шешім жасауының кешігуі және осы процестегі болжамсыздығы Балканда көптеген тақырыпқа нашар әсер етуде" деді.

Мұстафа Шентоп Еуропа Одағының Босния-Герцеговина және Косовоға байланысты мәселелерді қамтыған тақырыптарда жауапкерлік алуы керектігін білдірді.

Албания Парламентінің төрайымы Линдита Николла 2019 жылы Албанияда болған зілзалада Түркияның берген жәрдемдері үшін алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар