Мұстафа Шентоп TURKOVAC вакцинасын салғызды

Мұстафа Шентоп Ковид-19 індетінің халықаралық байланыстардың гуманитарлық өресінің қаншалықты маңызды екенін көрсеткенін тілге тиек етті.

1753812
Мұстафа Шентоп TURKOVAC вакцинасын салғызды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінің үшінші компонентінде TURKOVAC вакцинасын салғызды.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп Албания Парламентінің төрайымы Линдита Николла және делегациясымен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде кездесті.

Шентоп кездесудегі сөзінде Ковид-19 індетінің халықаралық байланыстардың гуманитарлық өресінің қаншалықты маңызды екенін көрсеткенін тілге тиек етті.

Мұстафа Шентоп:

"Бірнеше күн ішінде Оңтүстік Африкадағы бір штамды Голландияда, Ұлыбританияда немесе Австралияда көруге болады. Батыс Еуропадағылар ақшаның жылдам және еркін айналысын адамның, әсіресе еңбектің жылдам және еркін айналысы, малдың еркін айналысы сияқты көруде. Алайда аурулар мен вирустар да еркін айналуда. Аурудың жаһандық болғанындай, емдеу, дәрі-дәрмек, вакциналар да жаһандық болуы керек" деді.

Шентоп президент Режеп Тайып Ердоғанның бұйрығымен 156 елге денсаулық сақтау материалдары жәрдем етілгенін ескертті.

Түркияның ұлттық вакцинасы TURKOVAC-тың қолдануға мақұлданғанын айтқан Шентоп:

"Мен үшінші компонентте ұлттық вакцина TURKOVAC-ты салғыздым. Жақында дос және бауырлас елдерді қамтыған барлық халықтармен бөлісуді тілеймін" деді.

 



Ұқсас жаңалықтар