Ердоған: "Ғылым – Түркияның саяси тәуелсіздігінің кепілі"

Президент Ердоған "Tübitak" пен "Tüba" бірлесе ұйымдастырған марапаттау рәсімінде үн қатты.

1753755
Ердоған: "Ғылым – Түркияның саяси тәуелсіздігінің кепілі"

Президент Режеп Тайып Ердоған «Инновация және технологияның тірегі болған ғылым Түркияның саяси тәуелсіздігінің де кепілі» деді.

Президент Ердоған Түркия Ғылыми және техникалық зерттеу кеңесі (Tübitak) мен Түркия ғылым академиясының (Tüba) марапаттау рәсімінде үн қатты.

Ердоған «Өнеркәсіптің барлық салаларында назар аударылған елдердің бірі болу мақсатымен жолымызды жалғастырудамыз. Технологиялық тәуелсіздік саяси тәуелсіздіктің кепілі екенін біле отырып, жұмысымызды табандылықпен жалғастырамыз» деді.

Президент Түркияның соңғы уақытта ғылым мен технологияға орасан зор инвестиция салғанын атап «Еліміз өз технологиясын жоғары деңгейге көтеріп, еңбегінің жемісін алу жолында» деді.

Президент Ердоған «Түркия жаһандық инновация индексінде биыл 10 орын бірден көтеріліп, 41-ші орынды иеледі, алғашқы 50 лигасында ең көп өскен ел аталды» деді.

Экспорт саласында өткен айдан бастап 221 миллиард долларлық жылдық көрсеткішке қол жеткізгендерін тілге тиек еткен Ердоған «Ағымдағы шоттың профициті бола бастайтын күндер жақын арада келеді деп үміттенемін. Компасымыз қосымша құн өндірісі болмақ. Бағытымыз – инвестиция, жұмыспен қамту, өндіріс, экспорт және өсу».



Ұқсас жаңалықтар