"Қарабахта жаңа парақ ашылды"

Ол  Түркияның Чикагодағы бас консулдығында АҚШ-та өмір сүретін түрік азаматтарымен бас қосты.

1752923
"Қарабахта жаңа парақ ашылды"

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Қарабах еркіндік алғаннан кейін тарихта жаңа парақ ашылғанын айтты.

Америкалық мұсылман қоғамдарының жылдық MAS-ICNA Конгресіне қатысу мақсатымен Ибрахим Калын Америка Құрама Штаттарына кетті. Ол  Түркияның Чикагодағы бас консулдығында АҚШ-та өмір сүретін түрік азаматтарымен бас қосты.

Түрік-Америка қарым-қатынастарының стратегиялық серіктестік бастамасын жетілдіретіндей маңызды екеніне тоқталған Калын келіспеушілік туғызған тақырыптармен қоса Түркия мен Америка Құрама Штаттарының келісілген тақырыптары бар екеніне назар аударды.

Бір сұраққа орай Америка Құрама Штаттарындағы армян лобиясының Түркияға қарсы екенін айтқан Калын: «Кавказда өзгеше процесс басталды.  Енді осы диаспораның сөздеріне құрылған құрылым құлайын деп тұр. Яғни Түркия-Армения немесе түрік-армян қақтығысы Кавказда аяқталады.  Қарабахтың азаттық алуымен, тәуелсіздігін алып, Әзербайжан жеріне қосылуымен бірге

тарихта енді жаңа парақ ашылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар