Чавушоғлу сыртқы саясат жайлы мәлімдеме жасады

Чавушоғлу Түркияның кеңбайтақ бір географияда дирломатиялық инисиятив үстемділігіне негізделген шынайы бір сыртқы саясат ұстанғанын білдірді.

1752034
Чавушоғлу сыртқы саясат жайлы мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның кеңбайтақ бір географияда дирломатиялық инисиятив үстемділігіне негізделген шынайы бір сыртқы саясат ұстанғанын білдірді. 

Чавушоғлу Халықаралық қарым-қатынастар кеңесі қоғамы тарапынан ұйымдастырылған "Халықаралық қауіпсіздік академиясындағы" жабылу сессиясына қатысып, сөз сөйледі. 

Ресей мен Украина және Ресей мен НАТО арасындағы дағдарысқа тоқталған Чавушоғлу "Ресеймен кең көлемді қарым-қатынастарымыз бар деп Украинамен болған  жақын қарым-қатынастарымызды жоққа шығара алмаймыз. Дәуірдің рухы және ұлттық қауіпсіздігіміздің талабы бойынша жұмыс істейміз" деген сөздер қолданды. 

Сыртқы саясатты ұлттық құндылық, ұлттық мүдде, шындық, мүмкіндік және қабілетке негіз еткендерін түсіндірген Чавушоғлу прициптерден бас тартпай, дипломатияны шынайы бір тұғырмен жүргізгендерін айтты. 

Кеңбайтақ бір географияда дирломатиялық инисиятив үстемділігіне негізделген шынайы бір сыртқы саясат ұстанғанын баяндаған Чавушоғлу "Оқиғалардың бізге бағыт сілтеуіне рұқсат бермей, нараздылық емес, проактив бір дипломатия түсінігіміз бар" деді. 

Дипломатияға әрқашан көңіл бөлгендерін түсіндірген Чавушоғлу Ливиядан Жерорта теңіздің шығысы және Сирияға дейінгі дипломатияның өте маңызды екенін білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар