Түріктің отандық вакцинасы лицензиясын алды

Түркия - ковид вакцинасын өндірген тоғыз елдің бірі.

1751186
Түріктің отандық вакцинасы лицензиясын алды

Президент Режеп Тайып Ердоған отандық жаңа коронавирус вакцинасы Turkovac-тың жедел қолдану үшін лицензия алғанын білдірді.

Ердоған TURKOVAC вакцинасының жедел қолдану лицензиясының алынуы және жаппай өндірісті бастау рәсіміне видеоконференция әдісімен қатысты.

Ол «Қажетті рұқсаттарды алып, өндіріс және қолдану сатысына келген отандық вакцина –ұлтымызды індетке қарсы қорғаудың символы.   TURKOVAC-ты өндіріп, бүкіл адам баласымен бөлісуге дайынбыз» деді.

«Елімізде өндірілетін жағдайға келуі өте маңызды.  Өз ғалымдарымыз және зерттермендеріміз тарапынан жетілдірілуі одан да маңызды.  Отандық вакцинамыздың жаппай өндіріле бастайтынына қатты қуаныштымыз. Осылайша азаматтарымызға Sinovac және BionTech  вакцинасынан кейін TURKOVAC вакцинасын да ұсынамыз” деді ол.

Рәсімде сөз сөйлеген Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа түріктің отандық вакцинасының келесі аптадан бастап жаппай қолданылатынын айтты. «Бүгіннен бастап ковид вакцинасын өндірген тоғыз елдің қатарына ендік» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар