Ердоған Германия премьер-министрі Шольцпен сөйлесті

Ердоған Германияның жаңа премьер-министрі болып сайланған Олаф Шольцқа телефон шалып, жаңа міндетімен құттықтады.

1750844
Ердоған Германия премьер-министрі Шольцпен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Германияның жаңа премьер-министрі болып сайланған Олаф Шольцқа телефон шалып, жаңа міндетімен құттықтады.

Президенттік Коммуникация министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған мен Шольц телефондағы әңгіме барысында Түркия-Германия қарым-қатынастары мен аймақтық тақырыптарды қолға алды. 

Жаңа кезеңде де екі ел қарым-қатынасында байсалды және стратегияға негізделген тұғырды жалғастыратынына сенгенін білдірген Ердоған жүйелі түрде ақпарат алмасудың пайдалы екенін түсіндірді. 

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия-Еуропа Одағы қарым-қатынасының белсенді перспективаға негізделген болымды күн тәртібі аясында ілгірілеуі керектігін білдірді. 

Германия үкіметінің мәлімдемешісі Стефан Сейберт те кеше жасаған жазбаша мәлімдемесінде  Олаф Шольц пен Режеп Тайып Ердоғанның телефон арқылы сөйлескеніне байланысты "Президент Ердоған премьер-министр Шольцты жаңа міндетімен құттықтады" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар