Ердоған бағдарламаның мақсатқа жеткенін айтты

Президент Ердоған "Жаңа бір талпыныс ішіндеміз. Көздеген мақсатымызға жетеміз" деді.

1751127
Ердоған бағдарламаның мақсатқа жеткенін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған валюта бағамы еркін нарық экономикасы қағидары ішінде мемлекеттің шындықтарына үйлесімді деңгейге әкелу үшін кеше жариялаған бағдарламаның мақсатына жеткенін айтты. 

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі топтық жиналысында сөз сөйледі. 

Түркияның 10 жылдық мерзімде әртүрлі әдістердің сыналғанын, экономика жайлы жедел шаралардың қолданылғанын және жасырын тұзақтардың құрылғанын түсіндірген Ердоған "Түннің ортасында басталған және үздіксіз қаржы ойындарымен еліміз күйрету қаупіне душар болды. Осы процесте алдымызға қойылған барлық тосқауылмен күрес жүргіздік. Әлеуметтік, саяси, психологиялық, экономикалық әртүрлі тұзақты Алланың қолдауы және ұлтымыздың жәрдемімен бұзып, алға қарай бет алдық. Біз көздеген нысанамыздан, сондай-ақ үлкен және күшті Түркия жолынан бас тартпадық" деді. 

Халықты өсім, инфляцияның құлына айналдырмау үшін күрес жүргізгендерін баяндаған Ердоған "Жаңа бір талпыныс ішіндеміз. Көздеген мақсатымызға жетеміз" деген сөздер қолданды. 

Президент Ердоған валюта  бағамы еркін нарық экономикасы қағидары бойынша мемлекеттің шындықтарына үйлесімді деңгейге әкелу үшін кеше жариялаған бағдарлама мақсатқа жетті. Еркін нарықтың өз қағидаларымен жұмыстың сәтті болуы үшін атсалысудамыз. Бұл жерде пайда түсіретін тек банкте ақшасы болған немесе экспорт жасағандар ғана емес, мемлекеттегі 84 миллион халықтың барлығы пайда табады. Валюта бағамы және инфляция қысымы астында ешбір азаматамыздың шығынға ұшырауына рұқсат бермеуге табандамыз" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар