Нигерия террормен күресте Түркияның тәжірибелеріне мұқтаж

Нигер премьер-министрі Оухоумуду Махамаду "3-ші Түркия-Африка ортақтық саммитінде" баспасөзге мәлімдеме жасады.

1750499
Нигерия террормен күресте Түркияның тәжірибелеріне мұқтаж

Нигер премьер-министрі Оухоумуду Махамаду мемлекетінің террормен күресте Түркияның тәжірибелеріне және жабдық жағынан қолдауға мұқтаж екенін айтты.

Оухоумуду Махамаду "3-ші Түркия-Африка ортақтық саммитінде" Стамбұлда баспасөзге мәлімдеме жасады. 

Түрік органдарымен қатар соңғы кездерде түрік инвесторларының да Нигерге инвестиция сала бастағанын түсіндірген Махамаду мемлекетінде Нигер-Түрік достық ауруханасының болғанын және Түркиямен ынтымақтастық жасағандарына риза екенін білдірді. 

Қазір Түркия үкіметі және түрік фирмаларымен көптеген салада ынтымақтастық жасағаны, сондай-ақ көптеген жобаларының үстелде болғаны жайлы мағлұмат берген Махамаду "Бұл ынтымақтастық саласының басында қауіпсіздік, ауылшаруашылық және өнеркәсіп орын алуда. Өнеркәсіп саласында түрік фирмалары үшін еркін аймақ мүмкіндіктері де бар. Ынтымақтастық салаларын көбейткіміз келеді. Осы таңда білім беру, медицина және гуманитарлық жәрдем саласындағы ынтымақтастығымыз жалғасуда" деген сөздер қолданды.  

Оухоумуду Махамаду Түркияның террормен күрес тақырыбындағы тәжірибелерінің өте маңызды екеніне назар аударып "Террормен күресте Түркияның тәжірибелеріне мұқтажбыз" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар