Ердоған ғылым тарату жүлде рәсімінде сөз сөйледі

Президент Ердоған "Түркия жаһандық дағдарысқа қарсы өзіне деген сеніммен күшті инфрақұрылымға ие" деді.

1749799
Ердоған ғылым тарату жүлде рәсімінде сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның жаһандық дағдарысқа қарсы өзіне деген сеніммен күшті инфрақұрылымға ие болғанын білдірді. 

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Ғылым тарату қоры тарапынан Долмабахче сарайында ұйымдастырылған  2021 Ғылым тарату жүлделері рәсімінде сөз сөйледі. 

Баяндамада экономикаға тоқталған президент Ердоған мемлекетте билік басында болған соңғы 19 жылда білім беруден медицинаға, қауіпсіздіктен әділетке, қатынастан энергияға, қала құрылысынан спортқа дейінгі әр салада мықты инфрақұрылыммен үлкен табыстарға қол жеткізгендерін түсіндірді. 

Ердоған "Түркия жаһандық дағдарысқа қарсы өзіне деген сеніммен күшті инфрақұрылымға ие. Қазір бірдей күресті экономикада жүргізудеміз" деді. 

Президент Ердоған "Экономика, өндіріс, жұмыспен қамдау, экспорт, бюджет тепе-теңдігі сынды көрсеткіштер еліміздің жаһандық деңгейдегі табыстарын дәлелдеуде" деген сөздер қолданды. 

Ердоған үкіметтің атқарған экономикалық саясаты аясында алға қарай ілгерілегенін білдіріп, түрік экономикасының осы таңға дейін болғандай бұдан кейін де еркін нарық экономикасы қағидаларына сәйкес алға қарай жолын жалғастыратынын баяндады. 

 



Ұқсас жаңалықтар