Чавушоғлу V4 Түркия сыртқы істер министрлері 6-шы жиналысына қатысады

Чавушоғлу  21 желтоқсанда Венгрияда өтетін Вышеград тобы (V4) Түркия сыртқы істер министрлері 6-шы жиналысына қатысады.

1750066
Чавушоғлу V4 Түркия сыртқы істер министрлері 6-шы жиналысына қатысады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу  21 желтоқсанда Венгрияда өтетін Вышеград тобы (V4) Түркия сыртқы істер министрлері 6-шы жиналысына қатысады. 

Сыртқы істер министрлігі жиналысқа байланысты мәлімдеме жасады. 

Мәлімдемеде "Вышеград тобы (Венгрия, Польша, Словакия және Чехия) Түркия сыртқы істер министрлері 6-шы жиналысы 2021 жылы  21 желтоқсанда кезекті төраға Венгрияның үй иелігінде Будапештте өткізіледі. Құрметті министріміз қатысатын жиналыста Ауғанстан және босқын тақырыптары, Балкандағы оқиғалар, Еуропа Одағы мүшелік процесіміз, Вышеград тобы мен Түркия қарым-қатынастары және жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетінен кейін экономикалық жағдайдың қалыпқа түсуіне үлес қосатын ынтымақтастықтар қолға алынады" делінді. 

Мәлімдемеде Чавушоғлуның сапар аясында екі жақтылы кездесулер өткізетіні білдірілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар