Шентоп ИЫҰ Парламенттік Одағының жиналысына қатысты

Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Парламенттік төрағалары Стамбулда бас қосты.

1745345
Шентоп ИЫҰ Парламенттік Одағының жиналысына қатысты

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп мұсылман азшылық қауымдардың зорлық-зомбылыққа, қудалауға және негізгі адам құқықтарының бұзылуына ұшырағанын Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Парламенттік Одағы (ИЫҰПО) ретінде бұл мәселені шешуге міндетті екендерін атап көрсетті.

Мұстафа Шентоп ИЫҰПО-ның 16-шы конференциясы аясында Стамбұл Конгресс орталығында өткен ИЫҰ Парламенттік Одағы Атқару комитетінің 46-шы отырысына қатысты.

Конференцияны үшінші рет өткізуге және 6 жылдан кейін кезекті төрағалықты қабылдап алғандарына қуанышын білдірген Шентоп Буркина-Фасоны атқарған сәтті төрағалығымен құттықтады.

Шентоп исламофобия, ксенофобия, төзімсіздік және нәсілшілдік сияқты әлемде тез өсіп келе жатқан әлеуметтік аурулар туралы хабардарлығын арттыру керектігін атап көрсетті.

Әсіресе Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Парламенттік Одағына мүше емес елдерде тұратын мұсылман азшылық қауымдардың зорлық-зомбылық, қудалау және негізгі адам құқықтары бұзушылықтарына ұшырағанын атап айтқан Шентоп «ИЫҰПО ретінде бұл мәселеге қол ұшын созуымыз керек, бауырларымызға көмектесіп, олардың дауысы болу, мәселелерін тілге тиек ету міндетіміз» деді.

Шентоп ИЫҰПО мәртебесінің 13-бабының 7-тармағы аясында Саяси және халықаралық байланыстар комитеті жанынан арнайы комитет құруды ұсынды.

ТҰҰМ төрағасы Шентоп «Мұсылмандар азшылықты құрайтын елдердегі адам құқықтарын тексеру үшін құрылатын бұл комитеттің аталмыш мәселелерді мұқият және мекемелік түрде қадағалауы мүмкін болады. Комитет осы мәселелер бойынша жариялайтын есептерімен мәселелерді халықаралық қоғамның күн тәртібіне әкелетін болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар