Түркия мен Израиль қарым-қатынасы қалыпқа түсуі мүмкін

Ердоған Түркияның Израильмен қарым-қатынастарды қалыпқа түсіру жайлы сигнал берді.

1744739
Түркия мен Израиль қарым-қатынасы қалыпқа түсуі мүмкін

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Израильмен қарым-қатынастарды қалыпқа түсіру жайлы сигнал берді. 

Президент Режеп Тайып Ердоған Катар сапарынан кейін журналисттердің сұрақтарына жауап берді.  Ердоғанға Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында Абу Даби әмірлігінің тақ мұрагерінің Түркияға келуімен бірқатар келісімге қол қойылғанын еске салып "Бұндай процесс Израиль және Мысырмен де басталуы мүмкін бе?" деген сұрақ қойылды. 

Абу Даби әкімшілігінен осындай бір ұсыныс жасалғаны үшін ризашылықпен қабылдағандарын, сондай-ақ кездесулерді Ұлттық барлау ұйымы және Сыртқы істер министрлігі арқылы жүргізгенін түсіндірген Ердоған былай деді: "Бұндай бір процесс Израильмен неге болмасқа? Өйткені біз бір бейбітшілік әлем қалаймыз. Аймақта бейбітшілік үшін жасалатын істерге дайынбыз. Өткенде мен Израильмен кездескенмін. Алайда Израильдің бұл түйінде Палестина саясаты жөнінде тіпті сезгір болуы керек" .

 

 



Ұқсас жаңалықтар