Қаратеңіздің алғаш терең ұңғыма сынақтары сәтті өтті

«Кануни» бұрғылау кемесі Қаратеңіздің тереңдігінде жүргізілген алғаш теңіз ұңғымасы сынақтарын сәтті аяқтады.

1744473
Қаратеңіздің  алғаш терең ұңғыма сынақтары сәтті өтті

Түрік мұнай корпорациясы ресми Твиттер аккаунтынан жариялаған хабарламада «Кануни» бұрғылау кемесінің Сакария табиғи газ кен орнында 150 күн бойы және тәулігіне 24 сағат белсенді түрде жұмыс істеп Қаратеңіздің тереңдігіндегі алғаш теңіз ұңғыма сынақтарын сәтті аяқтағанын атап көрсетті.

Бөлісілген ақпараттық графикадағы ақпарға қарағанда «Кануни» алғаш терең теңіз ұңғымаларының сынақтарын «Түркали-2» атты ұңғымада өткізді.

Кеме судың 2 мың 154 метр тереңдігінде және 3 мың 950 метрге дейінгі соңғы тереңдікте ұңғыма сынақтарын өткізді.

Ені 42 метр және ұзындығы 227 метр болған «Кануни» мен «Фатих» бұрғылау кемелеріне Қаратеңізде табиғи газ табылған ұңғымаларда сынақтық зерттеулер жүргізу тапсырылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар