«Эрен қыс-12 Тендүрек тауы» операциясы басталды

Ішкі істер министрлігі операция туралы мәлімдеме жасады.

1744488
«Эрен қыс-12 Тендүрек тауы» операциясы басталды

Ван қаласында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қарсы «Эрен қыс-12 Тендүрек тауы» операциясы басталды.

Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда террор ұйымы PKK-ны елдің күн тәртібінен шығару және аймақты паналаған террористтерді залалсыздандыру мақсатты Ван қаласында «Эрен қыс-12 Тендүрек тауы» операциясы басталды.

Операцияға жандармерия арнайы десанттары мен жандармерия арнайы операциялық күштеріне қоса қарауылдық топтардан құралған 450 қызметкер қатысуда.

Елдегі лаңкестікті түбегейлі жою мақсатты жүргізілген «Эрен қыс» операцияларының халықтың қолдауымен, адал және табанды түрде сәтті жалғасатыны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар