Ердоған Жорже Сампайоны еске алу рәсіміне жолдама жіберді

Президент Режеп Тайып Ердоған Сампайоның қайтыс болғанына қатты қайғырғанын білдірді.

1743848
Ердоған Жорже Сампайоны еске алу рәсіміне жолдама жіберді

Президент Режеп Тайып Ердоған қыркүйек айында дүниеден озған, Португалияның бұрынғы президенті және Біріккен Ұлттыр Ұйымы Өркениеттер Альянсының алғашқы жоғарғы мәртебелі өкілі Жорже Сампайоны еске алу рәсіміне бейне жолдама жіберді. 

Ердоған Сампайоны еске алу үшін Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесінде ұйымдастырылған рәсімде жарияланған жолдамасында Сампайоның қайтыс болғанына қатты қайғырғанын блдірді. 

Сампайоның отбасына, Португалия халқына және Біріккен Ұлттар Ұйымына көңіл айтқан Ердоған Сампайоның Португалияның дамократия тарихында маңызды рөл атқарған бір мемлекет қайраткері екенін түсіндірді. 

Президент Ердоған "Ислам дұшпандағы, нәсілшілдік және шетелдік дұшпандығы кең қанат жайған осы кезеңде Өркениеттер Альянсының құндылықтарына қажеттілік сезінуде" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар