22-ші Тараптар конференциясы Анталияда басталды
Барселона конвенциясына қатысушы елдердің өкілдері Анталияда бас қосты.
«Барселона конвенциясы» деп аталатын Жерорта теңізін ластануға қарсы қорғау келісімінің 22-ші Тараптар конференциясы (COP22) Түркияның қонақжайлығымен Анталияда басталды.
Барселона конвенциясына қатысушы елдердің министрлері, өкілдері, азаматтық қоғам мекемелері мен ғалымдар COP22 конференциясында Жерорта теңізінің ластануын, биологиялық әртүрліліктің жоғалуын, бөтен түрлердің пайда болуын және климаттың өзгеруін талқылау үшін Анталияда бас қосты.
ТР Қоршаған орта, қала және Климат өзгерісі министрі Мурат Курум ашылу баяндамасында Италия Экологиялық трансформация министрлігінің қызметкері Карло Заги басқарған «Барселона Конвенциясы» секретариат кеңсесі төрағалық міндетінің Түркияға өткенін атап көрсетті. Курум Заги мен Италия үкіметіне өкілеттілік мерзімінде Жерорта теңізін қорғауға қосқан үлестері үшін алғыс айтты.
Алдағы 2 жылдық мерзімде Түркияның Италиядан қабылдап алған төрағалық мерзімі бойынша баршаға ортақ құндылық болған Жерорта теңізі үшін жұмыстарды табандылықпен жалғастыратынын атап көрсетті.
Одан жақсы бір қоршаған орта, керемет бір табиғат, одан жақсы бір Жерорта теңізі үшін батыл қадамдар жасауымыз керек.
Біз ел ретінде аумақтық сулар мен жағалауларды ұзақ мерзімді қорғау шараларын қамтитын «Көгілдір жоспар 2053» жобасына назар аударып отырмыз.
COP22-нің ашылу рәсіміне онлайн түрде қатысқан «Барселона Конвенциясы» секретариаты кеңсе төрағасы Карло Заги климат өзгерісінің теңіздер мен экожүйедегі биоәртүрліліктің жоғалуына қатты әсер ететінін тілге тиек етті.
Заги қиын процесс кезінде БҰҰ-ның Қоршаған орта бағдарламасы аясында Жерорта теңізіндегі ластануды жою үшін жұмыс істеп жатқандарын түсіндірген Заги «Біз қоқыссыз, таза Жерорта теңізін ортаға шығара аламыз. Теңізбен байланысты мәселелерді күшейтілуі, тұрақты даму және БҰҰ-ның Қоршаған орта бағдарламасы үйлестіру үшін алғысымды айтамын. Түркия үкіметін құттықтаймын және сәттілік тілеймін. Кеңсе төрағалық міндетін Түркияға тапсырамыз» деді.