Террористер Раккада 1 баланы алып қашты

YPG/PKK мүшесі террористер тамызда 5 және қарашада Хасекенің Амуда ауданында 3, жалпы 8 ұл мен қызды алып қашты.

1743608
Террористер Раккада 1 баланы алып қашты

Бөлшектеуші террористік ұйым YPG/PKK Сирияның солтүстік шығысында жауланып жатқан Ракка уәлаятында бір баланы қарулы ұйымға қосу үшін алып қашты. 

YPG/PKK мүшесі террористер бала жауынгер тобына қосу мақсатымен Ракка уәлаятының Әбу Хамам ауылынан 17 жастағы Хамед әл-Зеланды ұстап әкетті.

Хасеке уәлаятында да көптеген баланы алып қашып, қарулы топқа зорлықпен қосқан YPG/PKK мүшесі террористер тамызда 5 және қарашада Хасекенің Амуда ауданында 3, жалпы 8 ұл мен қызды алып қашқан болатын.

YPG/PKK мүшесі террористердің балаларды соғысқа қатыстыруы АҚШ Сыртқы істер министрлігінің 2020 жылы 26 маусымда жариялаған "2020 Адам алып қашу рапортында" жазылған.

БҰҰ Адам құқығы Кеңесі 2020 жылы 16 қаңтарда жариялаған рапортында YPG/PKK мүшесі террористердің Сирияда балаларды жауынгер ретінде қолданғаны жайлы жаңа дәлелдер жариялаған.



Ұқсас жаңалықтар