Президент Ердоған "Демократия сұхбаттары" іс-шарасына қатысты

Президент Ердоған Сииртке сапары барысында "Демократия сұхбаттары" іс-шарасына қатысты.

1743303
Президент Ердоған "Демократия сұхбаттары" іс-шарасына қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған «Инвестиция, жұмыспен қамту, өндіріс, экспорт және өсуге бағытталған жаңа бағдарламамызбен әл-ауқатымызды жақсартамыз» деді.

Президент Ердоған Сииртке сапары барысында "Демократия сұхбаттары" іс-шарасына қатысты.

Саяси еркіндік пен экономикалық бостандық медальдің екі жүзі сияқты екенін, бірі болмаса екіншісінің мәні болмағанын атап көрсеткен Ердоған «Біз елімізде барша азаматтарымызға барынша кең құқық пен бостандық бергеніміздей, құдай қаласа инвестиция, жұмыспен қамту, өндіріс, экспорт және өсуге бағытталған жаңа бағдарламамыз арқылы экономиканың өркендеуін қамтамасыз етеміз деп сенемін. Бүгін біз демократия туралы айтып жатырмыз, ертең иншалла ұлтымыздың әл-ауқатын қалай арттырғанымыздың есебін береміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар