Чавушоғлу мен Әл-Сани ортақ баспасөз жиналыс өткізді

Мевлүт Чавушоғлу Түркия мен Катардың қорғаныс, экономика, білім беру, мәдениет, медицина сынды салаларда ынтымақтастықтың күшейгенін түсіндірді.

1743603
Чавушоғлу мен  Әл-Сани ортақ баспасөз жиналыс өткізді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ауғанстан халқының  гуманитарлық жәрдемге мұқтаж екенін білдіріп, "Бұл гуманитарлық жәрдемдердің Ауғанстан халқына жеткізілуі керек. Осы тақырыпта Катар мен Түркия барша әлемге үлгі болуда" деді. 

Түркия-Катар Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық кеңесінің 7-ші кезекті жиналысының сыртқы істер министрлері деңгейінде дайындық жиналысы аясында Катардың астанасы Дохада болған Чавушоғлу мен Катар премьер-министр орынбасары және сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед ибн Абдуррахман Әл-Сани ортақ баспасөз жиналыс өткізді. 

Түркия мен Катардың қорғаныс, экономика, білім беру, мәдениет, медицина сынды салаларда ынтымақтастықтың күшейгенін түсіндірген Чавушоғлу "Аймақтық тақырыпта да бос және бауырлас Катармен бірдей көзқарастамыз. Ауғанстандағы жағдайды өте жақсы білеміз. Катар барлығынан тіпті жақсы біледі. Катардың әсіресі Ауғанстанда бір келісімнің жасалуы үшін қаншама еңбек істегенін білеміз" деген сөздер қолданды. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар