Түркия жаттықтырған Сомали арнайы десанттары еліне оралды

Түрік қарулы күштері жаттықтырған 100-ден астам сомалилік арнайы десант елдеріне оралды.

1743063
Түркия жаттықтырған Сомали арнайы десанттары еліне оралды

Түрік қарулы күштері жаттықтырған 100-ден астам сомалилік арнайы десант елдеріне оралды.

Бас қала Могадишодағы Аден Адде халықаралық әуежайына қонған «Горгор» (Бүркіт) атты 100-ден астам арнайы десантты Сомали Ұлттық армиясы жаяу әскері қолбасшысы Мохамед Тахлил Бихи мен жоғары лауазымды үкімет өкілдері қарсы алды.

Сомали арнайы десанттары Ыспартадағы Түрік қарулы күштері заманауи жаттықтыру дайындығынан өтті.

Сомалиге оралған «Горгор» арнайы десант тобы әл-Каидамен байланысы бар «Аш-Шабаб» террор ұйымымен күрес аясында алдыңғы шепке орналастырылады.

Түркия 2010 жылғы әскери дайындық бойынша ынтымақтастық келісімі аясында соңғы төрт жылдан бері Сомали әскерін оқу-жаттығудан өткізуде.

Елде «Харджамад» және «Горгор» атты арнайы бөлімшелері «Әл-Қаидамен» байланысты «Аш-Шабаб» террор ұйымына қарсы күресуде.

"Әл-Шабаб" террор ұйымы Сомали қауіпсіздік күштері мен бейбіт адамдарға жиі шабуыл жасауда.



Ұқсас жаңалықтар