Акар Сирия шекарасындағы жасақтарға барды

Министр Акар мен қолбасшылар шекара желісі мен шекара сыртында міндет атқарған жасақтардың қолбасшыларымен бірге видеолы конференция өткізді.

1742792
Акар Сирия шекарасындағы жасақтарға барды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сирия шекарасындағы жасақтарға барып, зерттеу жүргізді.

Хулуси Акар Бас Штаб төрағасы генерал Яшар Гулер, Құрлық Күштері қолбасшысы генерал Муса Авсевер, Теңіз Күштері қолбасшысы адмирал Аднан Өзбал және Әуе Күштері қолбасшысы генерал Хасан Кучукакюз қатарлыларды бастап Хатайға барды. 

Хатай әуежайында әкім Рахми Доган мен лауазымдылар тарапынан күтіп алынған Акар 6-шы корпус қолбасшылығының көктемгі қалқан операциялары аймағы секторының қолбасшылығын аралады.

Операция орталығына барған министр Акар мен Түрік Қарулы Күштеріның қолбасшылық тобы іс-шаралар мен соңғы жағдайға байланысты мәлімет алды, бұйрық берді.

Министр Акар мен қолбасшылар шекара желісі мен шекара сыртында міндет атқарған жасақтардың қолбасшыларымен бірге видеолы конференция өткізді.



Ұқсас жаңалықтар