Мұстафа Шентоп босқын мәселесі жайлы үндеу тастады

Мұстафа Шентоп дүниежүзіндегі елдер бас қосып, босқын тақырыбына байланысты бір жол картасын белгілеу керектігін айтты.

1742605
Мұстафа Шентоп босқын мәселесі жайлы үндеу тастады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп дүниежүзіндегі елдер бас қосып, босқын тақырыбына байланысты бір жол картасын белгілеу керектігін айтты. 

Мұстафа Шентоп Польша сапарымен байланысты журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Польша сапарының өте сәтті өткенін түсіндірген Шентоп Түркия мен Польша арасындағы қарым-қатынастардың өте жоғарғы деңгейде екенің осы сапар арқылы тағы бір рет дәлелденгенін айтты. 

Мұстафа Шентоп Польша-Беларусь шекарасында болған босқын дағдарысына байланысты сұраққа орай бұл тақырыптың өте күрделі болғанын атап өтті. 

Босқын мәселесінің әлемдегі маңызды мәселенің бірі екенін баядаған Шентоп "Түркия 10 жылдан бері босқындарды түтіп алуда. Түркия әлемде заңсыз босқын жайлы ең үлкен қиыншылық шеккен ел. Босқын мәселесі көршілес елдердің ғана мәселесі емес, барша әлемге байланысты жаһандық бір мәселе болып табылады" деді. 

Мұстафа Шентоп баршаның осы тақырыпқа байланысты жауапкершілікті мойындарына алуы керектігін түсіндірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар