ТҰҰМ төрағасы Шентоп Варшавада поляк әріптесімен бас қосты

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Шентоп Польша Сенаты төрағасы Томаш Гродзкимен бас қосты.

1742145
ТҰҰМ төрағасы Шентоп Варшавада поляк әріптесімен бас қосты

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Польшамен өзара және көп тарапты ынтымақтастықты әр салада одан әрі дамытуды қалайтындарын білдірді. 

Мұстафа Шентоп Польша байланыстары аясында (кеше) Польша Сенаты төрағасы Томаш Гродзкимен бас қосты. 

Дос және одақтас Польшада болғанына қуанышты екенін айтқан Шентоп «Түркия мен Польша 6 ғасырдан астам уақыттан бері дипломатиялық қарым-қатынасын жалғастырған дос және одақтас екі ел. Біздің елдеріміздің арасында берік гуманитарлық байланыстар мен үлгілі ынтымақ бар. Тарихта қарым-қатынастары соншалықты ұзақ және қарқынды болған мемлекеттер көп емес» деді. 

2009 жылы стратегиялық серіктестік тұғырға көшкен қарым-қатынастардың оң бағыты мен соңғы кездегі жоғары деңгейдегі байланыстардың қуантатын деңгейге жеткенін атап айтқан Шентоп «Польшамен өзара және көп тарапты парламенттік ынтымақтастығымызды әр салада әрі қарай дамытқымыз келеді» деді. 

Шентоп Польшаның Түркияның Еуроодаққа (ЕО) мүшелік процесіне берген қолдауы үшін алғысын айтты. 

Сенат төрағасы Гродзки Түркия мен Польша арасында әр салада ынтымақтастық әлеуеті бар екенін және поляктардың туризм саласында  бірінші таңдауларының Түркия екенін атап көрсетті. 

Шентоп басшылық жасаған делегация Варшавадағы Пилсудский алаңындағы Есімсіз әскер ескерткішіне гүл шоғын қойды. Шентоп бұл жерде естелік кітапқа қол қойып, ескерткіш туралы ақпар алды. 

Шентоп басшылық жасаған Түркия делегациясы Варшава патшалық сарайын да аралады.



Ұқсас жаңалықтар