Министр Чавушоғлу Швецияда

Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ Министрлер кеңесінің 28-ші отырысына қатысу үшін Стокгольмға барды.

1741788
Министр Чавушоғлу Швецияда
cavusoglu-borrell.jpg
vladimir makei-cavusoglu.jpg
cavusoglu isvec uluslararasi demokratlar birligi.jpg

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Еуроодақ Сыртқы қатынастар және қауіпсіздік саясаты жоғары өкілі Джозеф Боррель және Беларусь Сыртқы істер министрі Владимир Макеймен Швецияда кездесті.

Мевлүт Чавушоғлу Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) Министрлер кеңесінің 28-ші отырысына қатысу үшін барған Швецияның бас қаласы Стокгольмда өткізген кездесулері туралы жеке Твиттер аккаунтынан хабарлады.

Макеймен кездесуі туралы мәлімдемесінде Чавушоғлу «Стокгольмдағы алғашқы кездесуімізде Беларусь Сыртқы істер министрі Владимир Макеймен қарым-қатынастарымызды, аймақтық оқиғаларды және тәртіпсіз көшті талқыладық» деді.

Чавушоғлу басқа бір кездесуге қатысты хабарламасында «Стокгольмда кездескен Еуроодақ Сыртқы қатынастар және қауіпсіздік саясаты жоғары өкілі Джозеф Боррельмен Ауғанстан, Ливия, Украина және Кипр сияқты күн тәртібіміздегі сыртқы саясат мәселелерін талқыладық» деді.

Халықаралық Демократтар Одағының швед ұйымының өкілдерімен де бас қосқан Чавушоғлу «Шет елдердегі азаматтарымыздың құқықтарын қорғау және олардың мәселелеріне шешім іздеу үшін әртүрлі қолдауды көрсетуді жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар