Ағры мен Ығдырда "Эрен қыс-9" операциясы басталды

Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда операцияға 910 қызметкер қатысуда.

1741196
Ағры мен Ығдырда "Эрен қыс-9" операциясы басталды

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қарсы «Эрен қыс-9 шейіт жандармерия сержанты Хүсейин Келеш» атты операция басталды.

Ел көлемінде террорды толығымен жою мақсатында жүргізілген «Эрен қыс» операциялары сенімді және табандылықпен жалғасуда.

Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда PKK террор ұйымы елдің күн тәртібінен шығару және аймақты паналағаны анықталған террористерді залалсыздандыру мақсатында басталған «Эрен қыс-9» операциясына жандармерия арнайы десанттарына қоса полиция арнайы операциялық тобы және Қауіпсіздік қарауыл топтардан тұратын 910 қызметкер қатысады.



Ұқсас жаңалықтар