Фахреттин Алтун Әзербайжанға көңіл айтты

Фахреттин Алтун: "Әзербайжанның қайғысы Түркияның қайғысы. Әзербайжандық бауырластарымызға көңіл айтамын" деді.

1740998
Фахреттин Алтун Әзербайжанға көңіл айтты

Президенттік сарайдың Коммуникация басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун әлеуметтік желіден жариялаған мәлімдемесінде:

"Әзербайжан Мемлекеттік Шекара қызметтері басқармасына қарасты тікұшақтың Хызы аймағындағы Карахейбет әуе әскери жаттығу алаңында құлауы себепті шейіт болған бауырластарымызға Алладан иман, жаралыларға шұғыл шипа тілеймін. Әзербайжанның қайғысы Түркияның қайғысы. Әзербайжандық барлық бауырластарымызға көңіл айтамын" деді.  



Ұқсас жаңалықтар