Ердоған еврей азаматтарды Ханука мерекесімен құттықтады

Президент Ердоған Ханука мерекесіне орай құттықтау жариялады.

1740328
Ердоған еврей азаматтарды Ханука мерекесімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған әлемде әртүрлі наным мен болмысқа бағытталған төзімсіздік күшейіп жатқан бір кезеңде кезкелген кемсітушілікке қарсы шығып, тарихтың өздеріне жүктеген бұл жауапкершілікті лайықты түрде орындау мақсатты барлық қажетті қадамдарды басқандарын білдірді.

Ердоған Ханука мерекесіне орай жариялаған хабарламасында еврей сеніміне ие барлық азаматтарының мерекесін шын жүректен құттықтады.

Түркия орналасқан жағрапияның мыңдаған жылдан бері әрбірі өте құнды әртүрлі мәдениетке қонақжайлық жасағанын атап көрсеткен Ердоған «Осы байлықпен келетін тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, тіл, дін және нәсілшіл жікшілдікке қарсы шығу арқылы барлық азаматтарымыздың еркін және қауіпсіз ортада бірге өмір сүруін қамтамасыз етуді біздің ең маңызды міндеттеріміздің бірі деп санаймыз. Әлемде әртүрлі наным мен болмысқа бағытталған төзімсіздік күшейіп жатқан бір кезеңде кезкелген кемсітушілікке қарсы шығып, тарихтың бізге жүктеген бұл жауапкершілікті лайықты түрде орындау мақсатты барлық қажетті қадамдарды басудамыз. Осы оймен еврей азаматтарымыздан бастап, жалпы еврейлерді Ханука мерекесімен құттықтаймын және осы ерекше күннің жақсылық әкелуін тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар