Әйелдерге зорлық-зомбылық жасауға қарсы халықаралық күрес күні

Ердоған 26 қараша әйелдерге зорлық-зомбылық жасауға қарсы халықаралық күрес күніне орай Twitter парақшасында мәлімдеме жасады.

1738966
Әйелдерге зорлық-зомбылық жасауға қарсы халықаралық күрес күні

Президент Режеп Тайып Ердоған "26 қараша әйелдерге зорлық-зомбылық жасауға қарсы халықаралық күрес күні. Біздің сеніміміз, мәдениетіміз және құндылықтарымызда әйелдердің ерекше орны бар" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған 26 қараша әйелдерге зорлық-зомбылық жасауға қарсы халықаралық күрес күніне орай Twitter парақшасында мәлімдеме жасады.

Ердоған былай деді: "Өкінішке орай әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық барша әлемнің мәселесі. Әйелдерге зорлық-зомбылық жасауға қарсы күрестің сонымен қатар шешеміздің, жұбайымыздың, қызымыздың құқығын және абыройын қорғау күресі екенін ұмытпауымыз керек. Бұл мәселенің жойылуы баршаның сенімі, талпынысы және келісімімен жүзеге асырылады".

Президент Ердоған "Әйелдерге зорлық-зомбылықты адамдық және моральдық құндылықтарымызды күшейтіп, түбегейлі жоюға табандымыз" деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар